Алматы облысында отбасылық жанжал соңы көпбалалы ананың өлімімен аяқтала жаздады. Күйеуі оны өлімші етіп сабап, ваннадағы суға тұншықтырып өлтірмек болған деп хабарлады «Не молчи» қозғалысының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook әлеуметтік желісінде, деп хабарлайды Astana.tv.
Болған жайтты әйелдің туыстары қоғам белсенділеріне айтыпты. Олардың сөзінше, ерлі-зайыптылардың отасқанына 15 жыл болған. Осы уақыттан бері күйеуі әйеліне жиі қол көтеріп, талай рет жарақат та салған екен.
«Бұл жай ғана отбасылық жанжал емес, күйеуі оны өлтіруге оқталған. «Мен бұл күнге алдын ала дайындалып, балаларды әдейі әжесінің үйіне жібердім, сені өлтіру үшін» деп айтқан. алдымен ұрып-соғып, ваннадағы суға тұншықтырып, қылқындырған. Алайда, әйелі айтарлықтай қарлысық көрсеткендіктен асханадан пышақ алып келіп, пышақтамақ болған», - дейді зәбір көрген келіншектің әпкесі.
Жәбірленген әйел туыстарын көмекке шақырып үлгерген. Олар араша түсіпті. Қазір ер адам қамауға алынған, полицейлер оны тергеп жатыр.
«Күдікті сол сәтте ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылды. Оқиға болған кезде алкогольдік ішімдік ішкен. Қылмыстық іс аясында қазір тиісті сараптамалар тағайындалды», - дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.
Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабымен іс қозғалған. Қоғам белсенділерінің айтуынша, егер осы баппен сотталса, ер адам небәрі 2 жылға дейін қамалуы мүмкін. Бұл өте жұмсақ жаза дейді әйелдің туыстары. Сондықтан істі адам өлтіруге оқталу деген бапқа ауыстыру керек деп талап етуде.
Алматы облысында ер адам әйелін ұрып, суға тұншықтырып өлтірмек болған
2020-08-04 07:00:46
Последние новости
04.08.2020
4 тамыз күнгі ауа райы болжамы
04.08.2020
Прогноз погоды на 4 августа
04.08.2020
Гороскоп на 4 августа