4 тамыз күнгі ауа райы болжамы

2020-08-04 07:00:46
4 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, жауын-шашынсыз болады.Тек еліміздің батысы және шығысында жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді.

Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында, Қарағанды облысының оңтүстікте қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіпі сақталады.