8-11 жастағы ағайынды баланы 30 полицей қызметкері іздеген

Поделиться:
Алматыда жоғалып кеткен 8-11 жастағы ағайынды баланы 30 полиция қызметкері іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға 01:45-те түскен.

Ата-аналарының айтуынша, балалар үйден күндіз шығып кеткен, содан оралмаған.

Шұғыл түрде құрылған іздестіру тобы, 15 кинолог маман бірден шартарапты тінте бастады.

«Біріншіден, жақын арадағы орындар тексерілді. Көршілерден сұрақ жауап алынды. Балалар таңғы 7.35-те табылды. Олар түнімен дәмхананың қасында отырған. Үйден неге кетіп қалғандарын түсіндірмеді. Біз міндетті түрде балалардың әлеуметтік жағдайын, отбасының тұрмыс тіршілігін тексеретін боламыз. Балалар үйден бекер кетпейтіні анық», - деді Алатау аудандық ПБ басшысы Ілияс Өмірсеріков.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также