Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасы ретінде жұма намазына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады басқарманың ресми сайты.
Діни басқарманың мәлімдемесі бірнеше шарттан тұрады. Олар:
Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз 20.03.2020 жылдан бастап уақытша тоқтатылады;
Намаз уақыты кіре сала азан айтылады, 4 ракағат сүннет өтеліп, жұма намазының 2 ракағат парызы қысқа сүремен оқылады;
Жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкағат сүннетті үйде оқуға кеңес береміз;
Намаздан кейін тәсбих тартылмайды, Құран оқылмайды, имам қысқа дұға жасайды;
Намаздан кейін жамағат қол беріп "Жұма қабыл болсын" деп амандаспайды;
Мешітке бетперде (маска) киіп келу;
Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
Жұма намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
Жұма намазға денсаулығы жарамайтын қариялар, науқастар мен әйелдердің қатыспағаны абзал;
Ауа-райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат.
"Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Бұл мәлімдеме ағымдағы жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енеді", - делінген ресми хабарламада.

Просмотров материала: 0