Ауыл жігіттері жас мұғалімді күтіп жүр

2020-03-13 09:00:41
Ауыл жігіттері жас мұғалімді күтіп жүр
Сіз кімсіз химия апай? Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданына қарасты Бөдене ауылдық орта мектебіндегі бұл күндегі басты сұрақтардың бірі - осы. Себебі, осы пәннен дипломы жоқ мұғалім сабақ береді екен. Бұған наразы бір топ ата-ана мектеп басшысымен кездесіп, біраз жерге арыз жазыпты. Балаларының болашағына алаңдайтын олар мектептен дұрыс білім алып шыққандықтарын қалайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.