Бүгін Қызылағаш оқиғасына 10 жыл толды

2020-03-13 07:00:44
Бүгін Қызылағаш оқиғасына 10 жыл толды
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов биыл Қызылағаш оқиғасына 10 жыл толуына байланысты facebook-те жазба жариялады, деп хабарлайды Матрица.kz.

- Бүгін Қызылағаш оқиғасына 10 жыл толды. Жылдар өтсе де осы бір ауыр трагедия жадымыздан өшкен жоқ. Десе де Қызылағаш айналасы үш айдың ішінде қайта түлеп, жаңарды. Біз сол қиындықтың бәрін береке-бірлігіміздің арқасында жеңдік. Бүкіл қазақстандықтар қолында барын беріп, жан-жақты көмектесті. Азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық қажеттілік тиелген көліктер лек-легімен келіп жатты. Елбасы, мемелекет басшысы жұмыстарды тікелей бақылауына алып, бүкіл саланы ауылды қалпына келтіру шараларына жұмылдырды.

Қираған ауылдың орнында құтқарушылар мен құрылысшылар, жалпы барлық саланың мамандары тынымсыз еңбек етті. Қираған жерлер тазартылып, ақ шаңқан үйлер бой көтерді. Барлық инженерлік коммуникациясы жаңадан салынды. Мемлекет зардап шеккен тұрғындардың басына баспана, алдына мал салып берді. Сөйтіп Қызылағаштың өмірі қайта жалғасты.

Әлі есімде, сол түні Қызылағаштың төменгі жағында 20 шақырымдық жердегі жайлауда бір малшының отбасы қалды деген ақпарат жетті. Құтқарушылардың көлігі діттеген жеріне жете алмай, кері қайтыпты. Тәуекел деп «Камаз» жүк көлігімен малшы отбасын құтқаруға шықтық. Бізбен бірге шыққан әскери көлік жүре алмай, қайтуға мәжбүр болды. Қараңғыда маңайды бағдарлау мүмкін емес. Анадайда судың ішінен басы қылтиып қамыс көрінеді. Сол қамыстарды бағдар етіп жүріп келеміз. Көлігіміз бір кезде суға бір батып барып, әрең дегенде қайта шықты. Қорықпадық десем өтірік болар еді. Бірақ қайтсек те адамдарды құтқаруымыз керек. Сонымен 6 адамды кері алып қайттық. Ішінде 3 және 6 жастағы екі бала бар.

Су тасқыны болған күндерде дүниеге келген қызылағаштық сәбилердің біреуінің есімін ата-анасы Тасқын деп қойған еді. Сол балалар да он жасқа келді. Шүкір, қазір тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы болып өсіп келеді.

Бүгінгі күні Қызылағаш су қоймасы қайта салынып, су жүйелері толық жаңартылды. Енді халықтың игілігіне жарауы тиіс. Енді мұндай қиыншылықтар басымызға келмесін. Әрқашан еліміз аман, іргеміз бүтін болсын, - деген тілекпен аяқтады жазбасын облыс әкімі.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

13.03.2020
Абайдың 175 жылдығына орай анимациялық фильмдер түсіріледі
13.03.2020
Аймақта азық-түлік жеткілікті – Жеңіс Қасымбек
13.03.2020
Жұма күнгі ауа райы болжамы
13.03.2020
Гороскоп на 13 марта
12.03.2020
ПОЙДЕМ В КИНО?
12.03.2020
Қытай коронавирустың емін тапты
12.03.2020
"Шымкент – ТМД елдерінің мəдени астанасы" жылының ашылуы кейінге қалды
12.03.2020
Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жүреді