Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жүреді

2020-03-12 15:00:42
Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жүреді
Қазақстан қалалары арасында, облыс аумағында және Алматы мен Новосибирск арасында Наурыз мейрамында қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

№207/208 Алматы-2 – Шымкент бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 19, 23, 26 наурызда, Шымкенттен 20, 24, 27 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

№209/210 Алматы-2 – Түркістан бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 24 наурызда, Түркістаннан 25 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;
№241/242 Қызылорда – Атырау бағытындағы пойызға Қызылорда стансасынан 20, 24, 28 наурызда, Атыраудан 21, 25, 29 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

№215/216 Ақтөбе – Бейнеу бағытындағы пойызға Ақтөбе стансасынан 20, 22, 24, 26, 28 наурызда, Бейнеуден 21, 23, 25, 27, 29 наурызда жөнелтілетін 5 рейс;

№6803/6804 Нұр-Сұлтан – Атбасар бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 24, 25 наурызда, Атбасардан 24, 25 наурызда жөнелтілетін 2 рейс;

№7502/7501 Нұр-Сұлтан – Павлодар бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 21 наурызда, Павлодардан 22 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;

№7510/7509 Нұр-Сұлтан – Павлодар бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 20, 23, 25 наурызда, Павлодардан 20, 24, 25 наурызда жөнелтілетін 3 рейс.

Сондай-ақ:

№702/701 Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Алматы-2 бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан ағымдағы жылғы 20 наурызда, Алматы-2 стансасынан 21 наурызда жөнелтілетін 1 қосымша рейс;

№301/302 Алматы-2 – Новосибирск бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 2 сәуірде, Новосибирскіден 4 сәуірде жөнелтілетін қосымша рейс іске қосылады.

Сондай-ақ. 1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан – Атырау бағытындағы жаңа пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарымен күнара (тақ күндері) «Нұрлы жол» стансасынан тақ күндері жөнелтіледі.
Просмотров материала: 0