Моңғолиялық азаматтар Павлодар облысы арқылы 8 мың бетпердені шекарадан өткізбек болған

2020-03-12 15:00:41
Моңғолиялық азаматтар Павлодар облысы арқылы 8 мың бетпердені шекарадан өткізбек болған
Павлодар облысындағы шекара бекеттерінде медициналық бетпердені көрші Ресей мен Моңғолияға алып өтудің 4 дерегі тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізде болса, премьер-министрдің үкімімен елімізде аталған тауарды экспорттауға тыйым салынған болатын. Нақтырақ айтсақ, «Шарбақты» шекаралық өткізу бекетінде Моңғолия елінің азаматтары 8 мың дана медициналық бетпердені шекара асырмақ болыпты. Бірақ қолдарында тауарды айғақтайтын рұқсат құжаттары болмаған. Ал жуырда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан аса ірі көлемдегі тауар алынды. Новосібір облысының Купино қаласына бара жатқан азамат «Қосақ» шекара бекеті арқылы 150 мың дана медициналық бұйымды өткізбек болған. Оның бетперделерді елордадағы сауда орындарының бірінен алғаны белгілі болды.

Индира Әбілева, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының бас маманы:

– Аталмыш факторлар бойынша қазіргі таңда мәжбүрлеп алу немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделмеген. Сондықтан медициналық маскалар елімізге кері қайтарылып, осы елде қалатын болды.


Просмотров материала: 0