Коронавирусқа байланысты Nur Otan партиясының отырысы өтпеуі мүмкін

2020-03-12 13:00:33
Коронавирусқа байланысты Nur Otan партиясының отырысы өтпеуі мүмкін
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы адам көп жиналатын барлық шараға тыйым салынуына байланысты Nur Otan партиясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтпеуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Nur Otan партиясының 18 наурызға белгіленген кеңейтілген отырысының өту-өтпеуі белгісіз. Әзірше шешім қабылданған жоқ. Шешім шыққан кезде мәлімет беріледі", - деді Тоғжанов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан брифингте.

Мұның алдында Тоғжанов орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген болатын.
Просмотров материала: 0