Қазақстанда спорт матчтері көрерменсіз өтеді

2020-03-12 11:00:34
Қазақстанда спорт матчтері көрерменсіз өтеді
Қазақстанда спорт матчтері көрерменсіз өтеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қатысты баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ойындар жоспар бойынша өтеді, бірақ көрерменнің баруына тыйым салынады. Бұл халықаралық тәжірибе. Барлық еуропалық елде ірі командалар ойнап жатыр, бірақ көрермендер жоқ. Бізде де осындай шешім қабылданды", - деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын.
Просмотров материала: 0