Дариға Назарбаева бейбітшілік сыйлығымен марапатталды

2020-03-12 09:00:46
Дариға Назарбаева бейбітшілік сыйлығымен марапатталды
Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Ислам зерттеу институты Кеңесінің атынан (Исламабад, Пәкістан) «Paigham-e-Pakistan-2020» бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Сайтта хабарланғандай, бұл сыйлық Дариға Назарбаеваға қазақстандық қоғамдағы ұлттық ынтымақтастықты, келісімді және әлеуметтік әділеттілікті нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін беріліп отыр.

Дариға Назарбаева бейбітшілік сыйлығымен марапатталды


«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға күш салғаны үшін және әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерін өткізгені үшін беріледі», - делінген Ислам зерттеу институты Кеңесінің хатында.
Просмотров материала: 0