Коронавирусқа байланысты үйде бақылауда отырғандар қонаққа барса, айыппұл салынады – Алматы әкімдігі

2020-03-12 07:00:35
Коронавирусқа байланысты үйде бақылауда отырғандар қонаққа барса, айыппұл салынады – Алматы әкімдігі
Олар қаланың екі ауруханасына оқшауланған. 1 «а» санаты бойынша карантинге жатқызылған адамдар коронавирус жаппай таралған Иран, ҚХР, Оңтүстік Корея және Италия елдерінен келгендер, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

14 күнге оқшауланған адамдардан қауіпті вирустың белгісі анықталмаған. Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, 1 санаттағы елдерден келген тұлғаларға 2 жұқпалы аурулар ауруханасы мен көпсалалы 4 медициналық орталықта төсек-орын қарастырылған. Басқарманың хабарлауынша, қазіргі уақытта ауруханаға келушілердің саны күрт көбейген. 14 күндік карантиннен бөлек, Алматыға Ұлыбритания, Нидерланды елдерінен келген тұлғалар 2-санат бойынша медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Шетелден келген азаматтар 10 күн дәрігерлермен байланыста болып, жағдайды хабарлап отырулары тиіс.

«Барлық келуші азаматтар осы жағдайға бірдей қарап, карантин мерзімін ұстауы тиіс, оны бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынады. Медицина қызметкерлері бұл адамдарды таппаған жағдайда, Көші-қон қызметіне, шетел азаматтарын таппаған жағдайда ҰҚК-ге қосымша хабарлайды», - делінген Алматы қаласының әкімдігі таратқан хабарламада.

Әкімдік індеттен сақтану тек дәрігерлерге ғана емес, тұрғындардың тікелей өздеріне де байланысты деп отыр. Індеттің алдын алу үшін мамандар адамдарға беті-қолын жиі сабындап жуып, қолды спирт антиспетигімен сүртумен қатар, адам көп шоғырланған жерлерге бармау керек екенін ескертті. Үй жағдайында бақылауға алынған адамдардың ескертуді елемей, қонаққа барғаны анықталса, әкімшілік жазаға тартылмақ.
Просмотров материала: 0