12 наурызға валюта бағамы: ақша айырбастау пункттері қандай баға белгіледі

2020-03-12 09:00:46
12 наурызға валюта бағамы: ақша айырбастау пункттері қандай баға белгіледі
12 наурыздағы мәлімет бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы 394,6 теңге болды. Қазақстанның айырбастау пункттерінде бір доллар 395-397 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды 396-397,5 теңгеге сатып алуға болады, еуро 447-450 теңгеге түседі. Ал Ресей рублі 5,65-5,75 теңгеден сатылуда.

Алматыда доллар 395,5-397 теңгеге, еуро 445-450 теңгеге, Ресей рублі 5,4-5,75 теңгеге сатылып жатыр.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 395-396,5 теңгеге, еуро 445-450 теңгеге, Ресей рублі 5,5-5,7 теңгеге саудалануда.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді

11 наурызда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) саудада теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 394,75 теңге болды.

Айта кетейік, валюта бағамы күн ішінде өзгеруі мүмкін, айырбастау пункттерінде ақша қаражаты бар-жоғын телефон арқылы нақтылау керек.
Просмотров материала: 0