Қазақстанда бұқаралық іс-шараларға уақытша тыйым салынды

2020-03-12 11:00:34
Қазақстанда бұқаралық іс-шараларға уақытша тыйым салынды
Әлемде коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда бұқаралық шаралар өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Матрица.kz.

Бұл туралы Twitter-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс" деп жазды Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз жазбасына: "Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз" деп қосты.
Просмотров материала: 0