Қазір заман өзгеріп жатыр – заңгер

2020-03-12 15:00:42
Қазір заман өзгеріп жатыр – заңгер
Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Марат Бәшімов митингілерді өткізу туралы әзірленген жаң заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда заман өзгеріп бара жатыр. Себебі,қазір пікіріңді айтқың келсе,әлеуметтік желі арқылы таратады. Мысалы, митингке келген адамның жүрегі қысып қалса, сол жерде дәрігерлер тұрса жақсы емес пе? Полиция қызметкерлері де тәртіпсіздіктің орын алмауына баскөз болып тұрса тиімді. Бұл тілшілердің де жұмысына жеңілдік береді. Митингтің белгіленген жеріне кеп, ақпарат тарата береді. Бұл көше кезіп жүргеннен әлдеқайда жақсы.Қазір ақпарат тез тарайды, - деді Марат Бәшімов.

Оның айтуынша,250 адам ғана қатыса алады деген тетік алынып тасталған.

Арнайы органдар,қоғамдық бірлістіктер өңірлерді аралап,халықтың пікірін білді. Мысалы, Жамбыл облысында үлкен өзгерістер енді. Қоғамның пікірі тыңдалды,сол үшінде 250 адам ғана қатыса алады деген тетік алынып тасталды, - деді Марат Бәшімов.
Просмотров материала: 0