Шымкентте коронавирустың алдын алуға 181 млн теңге бөлінді

2020-03-13 09:00:41
Шымкентте коронавирустың алдын алуға 181 млн теңге бөлінді
Шымкентте коронавируспен күреске 181 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға қосымша керек жарақтар алынады, деп хабарлайды Otyrar телеарнасы.

«Заласыздандыру шараларына толық дайынбыз. Сонымен қатар, адам қанында коронавирус бар жоғын 14 күннің ішінде анықтаймыз. Дәл қазіргі уақытта қала бойынша карантинге жатқызылатындар үшін 950 орын дайындалған», - деді Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Темірхан Варзилов.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Шымкент қаласында 61 адам карантинге жатқызылған. Ал, 20 адам үйінде бақылауға алыныпты. Олардың көбі шет елден келген азаматтар. Телеарнаның хабарлауынша, коронавируске байланысты 20 наурызда өтетін «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылған.
Просмотров материала: 0

 

Последние новости

13.03.2020
Казахстанцам запретили выезжать в 17 стран
13.03.2020
Ауыл жігіттері жас мұғалімді күтіп жүр
13.03.2020
Введены ограничения на международные регулярные авиарейсы из РК
13.03.2020
ЦИТАТА ДНЯ
13.03.2020
Бүгін Қызылағаш оқиғасына 10 жыл толды
13.03.2020
Абайдың 175 жылдығына орай анимациялық фильмдер түсіріледі
13.03.2020
Аймақта азық-түлік жеткілікті – Жеңіс Қасымбек
13.03.2020
Жұма күнгі ауа райы болжамы