Шахтинскіде 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды(ВИДО)

2020-03-04 11:00:36
Шахтинскіде 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды(ВИДО)
Шахтинск қаласында 8-сынып оқушысы анасымен сөзге келіп қалғаннан кейін көпқабатты үйдің шатырына шығып алып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

3 наурызда полицияның 102 нөміріне оқушының сынып жетекшісінен хабарлама келіп түсті. Ұстаз 14 жастағы қыздың 40 лет Победы көшесі №58 үйдің шатырына шығып, өз-өзіне қол жұмсамақшы екенін хабарлады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Патрульдік полиция қызметкерлері Дулат Ситахметов пен Айдос Ибраев оқиға орнына дереу жетті. Тәртіп сақшылары суицидтің алдын алып, баланың өмірін сақтап қалды.