Коронавирус тараған елдерде өтетін жарыстарға Қазақстан спортшылары қатыспайды

2020-03-04 09:00:38
Коронавирус тараған елдерде өтетін жарыстарға Қазақстан спортшылары қатыспайды
Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік жарыстардан да бас тарту қажеттігін ескертті. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспарланған жарыстарға Қазақстан спортшылары қатыспайды.

«Коронавирусты инфекцияның алдын алу жөніндегі республикалық жедел штаб отырысының хаттамасына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аталған вирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген елдерге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда мүшелерін іссапарға жіберуге тиым салды. Сондай-ақ осы мерзімде басқа да елдерде қатысуы жоспарланып отырған шетелдік жарыстардан да бас тарту қажеттігін ескертті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылы Токио қаласында жазғы олимпиада ойындары өтеді. Алайда, коронавирус қаупіне байланысты жыл басынан бері Азия құрлығында Олимпиадаға жолдама беретін бірқатар жарыстар кейінге қалдырылды.

Просмотров материала: 0