Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды

2020-03-04 09:00:38
Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды
Мамандар 70 мыңнан астам дертке шалдығу көрсеткішін зерттеген. Вирус жұқтырғандардың тек 1%-і ғана балалар мен жасөспірімдер екені анықталды, деп хабарлайды Известия.

Жаңа коронавирус балалар мен жасөспірімдерге сирек жұғады. COVID-19 ауруының статистикасын зерттеген ғалымдар осындай қорытынды шығарды.

Ғалымдар мұны адамның иммундық жүйесімен байланыстырып отыр. Ол жыл сайын әлсірейді. Сондықтан ересек адамдар дертке жиі шалдығады. Сондай-ақ, ауруды созылмалы аурулар да асқындырады. Бұған қоса, ата-анасы да балаларды барынша күтеді. Балалардың вирусты сирек жұқтыруының тағы бір себебі - балалар баратын мекемелердің алғаш болып карантинге жабылуы.
Просмотров материала: 0