Павлодар облысының басшысы Павлодар қаласының әкіміне сөгіс жариялады

2020-03-02 15:00:31
Павлодар облысының басшысы Павлодар қаласының әкіміне сөгіс жариялады
Өңір басшысы Әбілқайыр Ысқақовтың төрағалығымен Павлодар облысының әкімдігінде жылу беру маусымының жайы талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жиналыста Ысқақов Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Мұрат Әбілхалықовқа аймақтағы өмірлік маңызы бар нысандарды қамтамасыз ету саласында дұрыс шешімдер қабылдауға арналған жеткілікті деңгейдегі сараптама жасамағаны үшін, сондай-ақ Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновке қаланы тазарту бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі және өзара іс-қимыл мәселелерінде, оның ішінде тасымалдаушылар мен тұрғындар арасында үйлесімнің жоқтығы үшін сөгіс жариялады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Просмотров материала: 0