"Шешім қабылдадым": Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты

2020-03-02 13:00:39
"Шешім қабылдадым": Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әйелдер күніне орай жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Матрица.kz.


Бұл жайында президент Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін", - деп жазды ол.
Просмотров материала: 0