Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавируске қатысты мәлімдеме жасады

2020-03-02 13:00:39
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавируске қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың таралуына байланысты жамағатқа кеңес берді, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

"Құрметті отандастар! Сізде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда, дер кезінде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ қоғамдық орындарға, тіпті мешітке келуді тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйде орындауға кеңес береміз", - деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматын қоғамдық орындарда тазалық ережелерін сақтап, өз денсаулығына асқан мұқияттылықпен мән беріп, сақтанып жүруге шақырды.

"Бүгінде бүкіл әлем халқына коронавирус қаупі үрей сеуіп, дерттің өзінен гөрі күннен-күнге өршелене түскен дақпырты мен дабылы дүние жүзін дүрліктіріп жатыр. Төрткүл әлемге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытып, немкетті қарау – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері бек мүмкін", - дейді басқармадағылар.
Просмотров материала: 0