Токио-2020. Олимпиада көрерменсіз өтуі мүмкін

2020-03-02 13:00:39
Токио-2020. Олимпиада көрерменсіз өтуі мүмкін
2020 жылдың 24 шілдесі күні Токиода басталатын жазғы Олимпиада ойындары көрерменнің қатсуынсыз өтуі мүмкін. Спорттық шараны ұйымдастырушылар коронавирусқа байланысты қазір осындай нұсқаны қарастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Daily Mail басылымының мәліметінше, Олимпиада-2020 шарасы теледидардан ғана көрсетілмек. Бұл төрт жылда бір келетін әлемдік доданы уақытында өткізуге және миллиондаған ақша тұратын теледидар келісімшарттарын бұзбауға жағдай жасайды.

Айта кетсек, Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамыз аралығында өтеді.
Просмотров материала: 0