Алматы облысында Бағдат Мәнізоровтың орнына әкім орынбасары тағайындалды

2020-03-02 13:00:39
Алматы облысында Бағдат Мәнізоровтың орнына әкім орынбасары тағайындалды
Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Azattyh Ruhy.

Серік Тұрдалиев Алматы облысында Бағдат Мәнізоровтың орнына әкім орынбасары болып тағайындалды.

Тұрдалиев бұл қызметті 2012-2017 жылдары атқарған болатын. Оған дейін «Казақмыста», «Халық Банкте» және бірқатар коммерциялық құрылымда лауазымды қызметтер атқарған.

Айта кетсек, Бағдат Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін 2020 жылдың ақпан айына дейін атқарды. Бұған дейін оған қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы алаяқтық іспен айналысты деген кінә тағылып, кейіннен ол айып алынып тасталған болатын.
Просмотров материала: 0