8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау және ПТР талабы жойылады

Поделиться:
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

8 маусымнан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктер үшін вакциналау мен ПТР растау талабы алынады.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия мынандай шешімдер қабылдады:

Бірінші: биыл 8 маусымынан бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын (COVID-19-ға қарсы вакциналау туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы) құжаттық растау бойынша, ал олар болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну талабын алып тастау;

Екінші: республиканың жеті өңіріндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу бекетіне жұмыс істеуге салынған тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также