Мұғалімдерге оклад бойынша ақы төлеу мәселесі зерттеліп жатыр – Асхат Аймағамбетов

2022-06-07 12:21:01
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге сағат саны бойынша ақы төлеу жүйесінен кету мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Дүние жүзіндегі бүкіл білім беру жүйелерін қарасаңыздар, сағатқа бағыттап емес, оклад жүйесі бойынша жұмыс тістейді. Сағат саны бойынша жұмыс істейтін бірнеше мемлекет қана қалды. Сондықтан бұл – дүниежүзілік тәжірибе. Бірақ Қазақстанда осы сіз айтқан жүйеге қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Көшіп жатырмыз деп біз әлі айта алмаймыз. Жалпы, бұл мәселе қазір зерттеліп, зерделеніп жатыр. Сондықтан шешім тек қана осы зерттеулердің негізінде қабылданады», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Ведомство басшысы бұл мәселенің талайдан бері көтеріліп келе жатқанын еске салды.

«Жасыруға болмайды, бірнеше жылдан бері түрлі сарапшылар, әртүрлі халықаралық және өзіміздің ғалымдар ұсыныс айтып жатыр. Дегенмен, бұл мәселені талқылау керек. Өйткені білім жүйесінде тез, шапшаң ойланбай шешім қабылдауға болмайды. Талқыланып, тиісті шешім шыққанда қосымша хабарлаймыз», - деді министр.

Ведомствоның дерегі бойынша, биыл оқушылардың 9% мектеп мұғалімі мамандығын таңдаған.

 

Последние новости

07.06.2022
В торговле людьми подозревают госслужащих Костанайской области
07.06.2022
Международное аналитическое агентство признало «Лабораторию Касперского» ведущим игроком на рынке решений по защите от сложных целевых атак
07.06.2022
Халықаралық талдамалық агенттігі «Kaspersky»-ді күрделі мақсатты шабуылдардан қорғау шешімдері нарығында жетекші ойыншы деп таныды
07.06.2022
Диқандар тыңайтқышқа жұмсайтын шығынның 50 пайызын мемлекет көтеріп отыр - министр
07.06.2022
Елдегі егіс жұмыстары осы аптаның соңында толық аяқталады - АШМ
07.06.2022
Дәрілік заттарды таңбалау ережелері өзгерді
07.06.2022
446 миллиард теңге зейнетақы жинағы БЖЗҚ-ға қайтарылды
07.06.2022
Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің адам саудасына қатысы болуы мүмкін - агенттік