Халықаралық талдамалық агенттігі «Kaspersky»-ді күрделі мақсатты шабуылдардан қорғау шешімдері нарығында жетекші ойыншы деп таныды

2022-06-07 08:20:22
«Kaspersky» үшінші жыл қатарынан осы нарықтағы көшбасшылар тізіміне кірді.

Radicati Group халықаралық зерттеу компаниясы «Kaspersky»-ді «APT қауіп-қатерінен қорғау*: 2022 жылғы нарық квадранты» есебінде жетекші ойыншы (Top Player) деп атады. Kaspersky Expert Security қорғаудың сарапшылық деңгейіне кіретін шешімдер, атап айтқанда Kaspersky Anti Targeted Attack (KATA) платформасы, Kaspersky EDR Expert, сондай-ақ компанияның басқа да корпоративтік өнімдері мен сервистері жоғары баға алды.

Күрделі мақсатты шабуылдар компанияларға айтарлықтай қауіп төндіреді, зиянкестер өздерінің тактикасын, әдістері мен құралдарын үнемі жаңартып отырады. Осыған байланысты ірі ұйымдар киберқауіпсіздіктің тиісті құралдарын белсенді түрде енгізе бастады. Radicati болжамдары бойынша, APT-ден қорғауға арналған шешімдер нарығы 2022 жылғы 6,9 миллиард доллардан 2026 жылға қарай 15,2 миллиард долларға дейін өседі.

Radicati есебінде «Kaspersky» корпоративті өнімдер портфолиосы күрделі киберқауіптерден қорғаудың әртүрлі деңгейлерін тиімді үйлестіретіні айтылған. Мұндай кешенді тәсіл әр түрлі жетілу деңгейіндегі компаниялардың қауіпсіздік талаптарына жауап беруге, киберинциденттерді тиімді болдырмауға және оларға жауап беруге мүмкіндік береді. KATA платформасы, мысалы, қаржы институттары мен мемлекеттік секторда қолданылатын қатаң құпиялылық саясаты аясында жұмыс істей алатындығы үшін атап өтілді. Ол толық оқшаулау режимінде жұмыс істей алады, бұл кез-келген деректердің ұйымның периметрінен тыс берілуіне жол бермейді.

2022 жылы компания Kaspersky Symphony бизнеске арналған қорғау шешімдерінің желісін іске қосты, оның шеңберінде ұйымдарға XDR сыныбының толыққанды шешімі қолжетімді болды (Extended Detection and Response, кеңейтілген анықтау және ден қою). Kaspersky Symphony XDR деңгейіне APT-тен жан-жақты қорғауды қамтамасыз ететін KATA және Kaspersky EDR Expert платформасы кіреді, соның ішінде Threat Intelligence және басқа да кіріктірілген құралдар.

Мақсатты шабуылдардан қорғаудың тиімділігі зиянкестердің техникасы мен тактикасын үнемі зерттеу арқылы қамтамасыз етіледі. «Kaspersky» Turla, BlueNoroff, Lazarus және APT41 сияқты 900-ден астам кибер топтар мен олардың қызметін бақылайды.

«Халықаралық сарапшылар қауымдастығы «Kaspersky»-дің мақсатты шабуылдардан қорғау саласындағы инновациялық өнімдерін атап өтетіні өте құнды. Біз бизнесті қорғау шешімдерінің портфолиосын дамытуды жалғастырамыз. Енді шабуылдарды көп деңгейлі анықтауға, бақылауға, тергеуге, қатерлерді проактивті іздеуге және күрделі инциденттерге әрекет етуге арналған толық құрал Kaspersky Symphony XDR бірыңғай платформасында бір лицензия аясында қолжетімді», — деп түсіндірді «Kaspersky»-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

2021 жыл ішінде «Kaspersky» шешімдері қорғаныс технологияларының 75 тәуелсіз тестілеуінің нәтижелері бойынша 63 рет көшбасшылар үштігіне кірді, оның ішінде 57 рет бірінші орындарды иеленді. Компания ТОП-3 көрсеткіші бойынша қорғаныс шешімдерін өндірушілер арасында көшбасшы болып табылады, ол күнтізбелік жыл ішінде өнімдердің тәуелсіз сынақтардан қаншалықты сәтті өткенін көрсетеді.

* APT (Advanced Persistent Threat) — бұл жоғары күрделіліктегі мақсатты ұзақ шабуыл.