45 градус ыстық: Еліміздің 5 өңірінде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды

Поделиться:
Қазақстанның бес облысында ауа температурасының қатты жоғары болуына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет


. Метеорологтардың дерегінше, бүгін Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында ауа райы өте қауіпті. Тағы алты өңірдің қызғылт сары түспен белгіленгенін айта кету керек. Бұл түспен боялған Батыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауа райы қауіпті болмақ.

Қауіптіліктің "сары" деңгейінде тұрған тағы үш өңір бар. Олар Түркістан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары. "Қызыл" деңгейде орналасқан облыстарда синоптиктер дауылдық ескерту жариялады.

Бүгін күндіз Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында 41 градусқа дейін қатты ыстық пен өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда бүгін 35-36 градус ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында 3-5 шілде аралығында 45 градусқа дейін аптап ыстық пен өте жоғары өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында да 3-4 шілде күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа көтеріліп, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Одан бөлек, "қызғылт сары" деңгейде орналасқан өңірлерде де дауылдық ескерту жарияланды. Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 41 градустық қатты ыстық күтіледі және жоғары өрт қаупі сақталады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также