Бизнесмендер міндетті вакцинация мерзімін кейінге шегеруді сұрады
"Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына бағынбай, қызметкерге вакцина алмай немесе жеті күн сайын ПТР-сынама тапсырмай жұмыс істеуіне рұқсат берген басшылар ӘҚБтК-нің 462 немесе 425-бабы бойынша жазаланады", - деп түсіндірді санэпидембақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Кәсіпкерлер мұндай шараға дайын емес. Олар қызметкерлерді міндетті вакциналау мерзімін ұзартуды сұрайды. Қазіргі уақытта қоғамдық тамақтану саласында екі миллион адам жұмыс істейді. Жарты айда бәріне екпе салып үлгері мүмкін емес, дейді рестораторлар. Оның үстіне бизнесмендер бәрін вакцина алуға мәжбүрлей алмайды.
"Біз вакцинацияны қолдаймыз, бірақ мұндай қысқа мерзімде емес. Ол мүмкін емес. Қазір кәсіпкерлер өз есебінен скрининг жүргізіп жатыр. Кем дегенде 1-15 қыркүйекке дейін мерзімді ұзарту қажет", - деді Қазақстанның қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова.
Айта кетейік, 2 шілдеден бастап барлық қызметкері вакцина салдыруы тиіс нысандардың кеңейтілген тізімі күшіне енеді. Тізбеге базарлар, сұлулық салондары, дәмханалар, мейрамханалар, қызмет көрсету онысандары және жаппай баратын басқа да орындар кірді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.