"Қазақстан Барысының" салмақ өлшеу рәсімі өтті
Бүгін балуандардың салмақ өлшеу рәсімі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.
Оныншы рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысында, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысады, оның ішінде жобаның жеңімпаздары – Айбек Нұғымаров, Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев бар.
Турнирдің ең ауыр салмақты балуаны Ерасыл Қажыбаев 153 келі тартса, Ерсұлтан Мұзаппаров ең жеңіл салмақ көрсетті (90 келі).
Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы балуандар бәсекесі елорда әкімдігінің тікелей қолдауымен өтіп жатқанын атап өтті.
"Дәстүрлі Қазақстан Барысы жобасы өздеріңіз білетіндей биыл оныншы рет ұйымдастырылады. Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен іріктелген үздік балуандар қатысқалы жатыр. Біздің елордамыздың намасын бұл бәсекеде Айбат Сейтен мен Олжас Шынкеев қорғайды. Балуандарымыздың бағы мен бабы келісіп жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз", - деді басқарма басшысы.
Биыл "Қазақстан Барысы" турнирінің ерекшелігі – өздеріңіз көріп отырғандай жастар көп. Балуандардың дайындықтары да жоғары деңгейде. Тартысқа толы дода болғалы тұр. Барша қазақстандықтарды балуандарымыздың тақымын қысып, тікелей эфирде жанкүйер болуға шақырамыз, - деді қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы, "Қазақстан Барысы" жобасының екі дүркін чемпионы, "Әлем Барысының" үш дүркін иегері Айбек Нұғымаров.
Елордамыздың төрінде өтетін бәсеке карантин талаптарына сай көрермендерсіз ұйымдастырылады.
Турнирді Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар турнир Ресейдің "Матч! Планета" және "Бокс ТВ", Түркияның "ТРТ Аваз" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.