"Баланы шұғыл ауруханаға жатқызу керек": дәрігерлер қауіпті синдром туралы ескертті
"Барлық органдардың қабыну синдромы белгілі болды. Ол сирек кездеседі. Бірақ науқас өте ауыр жағдайға түседі. Оны шұғыл аурухана жатқызу қажет. Бала коронавируспен симптомсыз ауырып шығуы да мүмкін. Ал қауіпті синдром бірнеше аптадан кейін шығады", - деді Францияның жоғарғы денсаулық сақтау органының басшысы (НАS) Доминик Ле Гулюдек BFMTV арнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, келесі аптада арнайы құжат жарияланады. Қауіпті синдром толығымен сипатталып, құжат барлық терапевт пен педиатрға таратылады.
"Коронавирусқа шалдыққан балалар қатты ауырмайды. Дегенмен, жеңіл және орташа деңгейде ауырса да, соңы қауіпті синдромға әкеліп соғуы мүмкін", - деп атап көрсетті Ле Гулюдек.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда балалардың Кавасаки синдромына шалдыққаны жайында хабарланған болатын. Ол да қабынудың бір түрі және коронавирустан кейін пайда болады.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.