Автогаз бағасының қымбаттау себебі талқыланды

2021-03-25 16:20:15
Өткен аптада Open Space алаңында Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент автогаз сататын нарық субъектілерінің өкілдерімен бірге газ бағасын талқылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

"Азия Газ NG" ЖШС және "Корпорация Жетісугаз" АҚ компанияларының өкілдері бөлшек бағаның өсуінің негізгі себебі ретінде автомобиль газының сатып алу құнының 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап өскенін атап өтті. Сонымен қатар, аталған компаниялардың өкілдері газға деген қажеттіліктің нақты көлемі зауыттардың ұсынысынан асып түсетінін атап көрсетті. Бұл ретте Алматы облысының кәсіпкерлері үшін автогаз Павлодар мұнай-химия зауытынан емес, Шымкент мұнай өңдеу зауытынан жеткізілуі тиімдірек. Департамент тарапынан қатысушыларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің бәсекелестікті қорғау бөлігіндегі нормалары түсіндірілді - делінген хабарламада.

Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.