3 наурызда Майқұдықта көпқабатты үйінің кіреберісінен табылған екі айлық сәби "Шапағат" сәбилер үйіне ауыстырылды. Оның анасы әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
"Сәби "Шапағат" мамандандырылған балалар үйіне ауыстырылды. Полиция оның биологиялық анасын іздестіріп жатыр. Нәтижесін күтіп отырмыз. Іздестіру шаралары аяқталғаннан кейін сотқа жүгінеміз. Анасы табылса, баланың туған күнін, оның жеке мәліметтерін анықтай аламыз. Табылмаса, сот арқылы нәрестенің туған күнін анықтауға мәжбүр боламыз. Содан кейін ғана оған есім беріледі", - деді Қарағанды білім беру бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының меңгерушісі Әсем Ерішева.
Ведомство өкілдері баланың анасы табылса да оған сәбиді ешкім берейтінін айтып отыр. Мәселені сотпен ғана шеше алады. Баланың болашақ тағдырын сот шешеді.
Еске салайық, Қарағандыда наурыздың басында екі айлық қыз табылды. Оны 15-інші шағын ауданның тұрғындары тапқан. Олар баланы көп қабатты үйдің кіреберісінен тауып, полицияға хабарлады.
Қарағанды дәрігерлері үйдің кіреберісінен табылған екі айлық сәбидің жағдайын айтты
Үйдің кіреберісінен табылған екі айлық сәби Қарағанды балалар үйіне ауыстырылды
2021-03-25 12:20:14