Ералы Тоғжанов 10 соты жер телімін беруге қатысты пікір білдірді

Поделиться:
Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында 10 соты жер телімін беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 соты жер телімі бойынша Кодексте жазылған. Ұнай ма, ұнамай ма - беру керек, ол - Кодекс нормасы. Сондықтан бұл мәселеде барлығын ретке келтірген жөн», - деді Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, саясаткер Марат Башимов.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов көтерілген мәселе жан-жақты қаралатынын айтты. Оның сөзінше, 10 соты жер телімін бөлуге қатысты ең алдымен тиісті жұмыстар атқарылуы керек. Яғни жер телімі берілетін болса, инфрақұрылымның салынуына ерекше назар аударылуы тиіс.

«Инфрақұрылымның өзін жүргізу үшін орта есеппен 4 трлн-нан артық қаражат керек болады. Сондықтан осының барлығын есептеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыстар бір күнде шешілетін мәселе емес», - деді Е. Тоғжанов. Айта кетейік, бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия әр сенбі сайын отырыс өткізеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также