Тағы да жол апаты. Тағы да 4 адам қаза болды
Оқиға «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тасжолында болған. «Лада-Приора» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына бара жатып, алдыңғы көліктен озу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Сөйтіп Ізімбет ауылы маңында қарсы бағытта келе жатқан «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Олар бір отбасының адамдары. Сонымен қатар, басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деді Ерболат Сарқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қапшағай-Бақанас жолында көлік апатынан төрт адам қаза болғаны туралы хабарлағанбыз.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.