Екінші орын алды

Поделиться:
Үстіміздегі оқу жылы мектебіміз үшін де, өзім үшін де жемісті жыл болды. Дарынды, белсенді оқушымыз Айдана Қазбекова, наурыз айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі – Астана» атты ІІІ республикалық жас ақындар мүшәйрасына қатысып, ІІ орынды иеленді. Ал, биылғы мектеп түлегі, 11 сыныпта оқитын дарынды оқушыларымыздың бірі, бірнеше рет аудандық, облыстық олимпиада жүлдегері, дәстүрлі Абай оқуларының жеңімпазы Саламат Сағындықов «Жарқын болашақ» Х республикалық қазақ тілі олимпиадасының жүлдегері атанып, Сүлеймен Демирел университеті филология факультетінің оқу грантын иеленді. Бұл, әрине, ұстаз еңбегінің жемісі. Иә, кез-келген ұстазға шәкіртінің биіктен көрінгенінен артық бақыт жоқ. «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» деп Абай атамыз айтпақшы, келешекте ел басқарар, елі мен халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жастарымыздың осындай жетістігіне ұйытқы болып жүрген жандар – аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Такимоваға, бөлімінің әдіскері А.Қасымбаеваға, Еңбекші орта мектебінің директоры Г.Манасоваға, оқу ісінің әдіскері М.Биғазиноваға ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Қалдыгүл Нұрғалиева,
Еңбекші орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также