Қаскелең қаласындағы мерейлі мереке

Поделиться:

Жер-ана жасыл желекке бөленіп, көк иісі аңқыған ғажап көктемнің шуақты мерекесінің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні. Татулығымызды ту еткен бұл мейрам 1 мамырда қаламыздағы аудан әкімдігі алдындағы басты алаңда аталып өтті.
Салтанатты Қаскелең қаласының әкімі Әділбек Далабаев ашып, өз сөзінде жиылған көпшілікті 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтап, ізгі ниетін білдірді. Сонымен қатар, Қаскелең қаласында да әртүрлі ұлттар өз мәдениеті мен өнерін еркін дамытып, береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын атап айтты. Сондай-ақ, жерімізді мекен еткен сан халықтың достығын дәлелдейтін мерекенің сәтті өтуіне тілектестігін жеткізді.
Жиын мұнан кейін концерттік бағдарламамен жалғасып, аудандық мәдениет үйі мен мектептерден келген күміс көмей әншілер, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетті.
Жұмабек СМАМЫТОВ.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также