Бұл – тарихи тамаша күн

Бұл – тарихи тамаша күн

Қасиетті қазақ жеріндегі алып Арқа төрінен ойын тұрып орын алған Астананың жиырма жылдық мерейтойы да, әне-міне дегенше таяп қалды. Бұл, сөз жоқ, тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы тарихи тамаша күн болмақшы.
Осы жас қаламызды, бас қаламызды барлығымыз да айрықша мақтан етеміз. Өйткені, ол, шын мәнінде, егемен еліміздің мерейін өсіріп, мәртебесін көтерген, бүкіл дүние жүзі жұртшылығын қатты таңқалдырған кермет келісті жоба болып отыр.
Иә, қысқа уақыттың ішінде Еуразия кіндігінде, осы заманғы ұлттық және шетелдік озық сәулет өнерінің үздік үлгілерін бойына жинақтаған, алып қала бой көтерді. Бүгінде бұл мегаполистегі халық саны миллионнан асып қалды.
Астана қаласының авторы деп орынды аталатын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Елордамыздың 20 жылдық мерекесін барлығымыз бірлесіп атап өтуіміз керек. Бұл – елдің қуанышы!» деп атап айтқаны белгілі.
Ендеше, осынау үлкен де аса маңызды мемлекеттік мерейтойды барша халық болып қадірлеп, қастерлеуіміз қажет.
Себебі, ол тұтас еліміздің қуанышы!
Смайыл АТАЕВ,
еңбек ардагері.