Алтын ауыл мектебіндегі семинар

Алтын ауыл мектебіндегі семинар

Елімізде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны қарқын алуда. Бүкіл әлем аталмыш күнді биыл 30-шы рет атап өтуде. Ал, Алматы облысында жыл сайын 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.
Ағымдағы жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен ұйымдастырылуда.
ЮНЭЙДС бастамасы бойынша қазіргі науқан әркімге өз мәртебесін білудің қаншалықты маңызды екеніне назар аудартуға, АИТВ-ға тестілеу қолжетімділігі саласындағы барлық кедергілерді жоюға бағытталған.
Бүгінде Алматы облыстық ЖИТС орталығында АИТВ-мен өмір сүретін 2181 адам есепте тұр. Соңғы жылдары жыныстық қатынас жолымен жұқтыру үрдісі байқалып, бұл көрсеткіш 74 пайызға өсіп отыр.
Халық арасында АИТВ-ға көшпелі жедел тестілеу өте танымал. Науқанды өткізу кезінде бұл қызметті барлық азаматтар пайдаланып, 15 минут ішінде өз мәртебесін білуге мүмкіндігі бар.

Жуырда Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінің мәжіліс залында Қаскелең, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарының мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына арналған семинар өтті.
Семинар мақсаты – жасөспірімдердің мінез-құлқына қауіп төндіретін факторлар бойынша мектеп психологтары мен медицина қызметкерлерінің білімін тереңдету, мінез-құлқына қауіп төнген жасөспірімдерге психоәлеуметтік жұмыстың негізгі аспектілерін түсіндіру. Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Әйгерім.Сұлтанова еліміздегі және аймақтағы эпидемиологиялық жағдай бойынша негізгі мәліметтер туралы слайд-презентациясын ұсынды.
«Оперейшн Мерси» қоғамдық қорының психологы, халықаралық жаттықтырушы Г.Ильясова өз сөзінде АИТВ-ның алдын алу бойынша мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттану мәселесіне тоқталып, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары туралы ақпаратты ата-аналар мен оқушыларға дұрыс жеткізу және сонымен бірге АИТВ-оң мәртебесі бар адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қазақ тілінде шебер дәріс жүргізетін Гүлмира Баймұратқызының орамды ойлары, мысалдары тыңдаушылар қызығушылығын тудырып, үлкен әсер етті.
Іс-шараға 303 адам қатысып, 200 АОҚ таратылды.

Г. ТАУБАЙҚЫЗЫ,
облыстық ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы.

 

Последние новости

Бақ сынасқан баскетболшылар
Екінші орын алды
Боз кілемдегі белдесу
Каратэшілердің күш сынасуы
Тарихы терең мектептегі турнир
С миссией надежды
Белсенділер марапатталды
Еңбегін еліне арнаған асыл азамат