Бизнес бастаудың бағыты айқындалды

Бизнес бастаудың бағыты айқындалды

5 қазан күні «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасымыздың кезекті Жолдауы жарияланды. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде осы бағдарламаны қолдап отырмын. Себебі бұл жолғы жаңа бағдарламасында халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, білім беру, денсаулық сақтау саласы, тұрғын үй сапасы мен қолжетімділігі сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешу жолдары көрсетілген.
Жолдаудың «Халық табысының өсуі» атты бірінші бөліміндегі «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады» деген сөздер көкейіме қона кетті. Президенттің айтып отырғаны рас. Егерде әр маман иесі өз кәсібінің қыр-сырын жетік меңгеріп, еселі еңбек етсе, табысы да тасқындап, пайдасы да артады. Осы орайда, Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатының өсуіне қолдау көрсету және кәсіпкерлікті одан әрі қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан салық алымының рақымшылығын жүргізу керектігін айтты. Сондай-ақ, біз секілді кәсіпкерлерді, жалпы шағын және орта бизнестегілерге ерекше қолдау танытты. Әсіресе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту турасында айтқан тұсы осы бағдарламаға қатысушы ретінде менің көңіліме қатты жағып кетті. Енді мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін несие қаражатының көлемі де ұлғаяды. Бұл өз кезегінде бизнесті жетілдіріп, дамыта түсуге, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпалын тигізбек. Ерекше көңілден шыққан тағы бір бағыт ол халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты өте керемет жаңалық – ең төменгі жалақының 28 мыңнан 42 мыңға өсуі, бюджеттік сала қызметкерлері, әсіресе ұстаздар мен дәрігерлердің, халыққа қызмет көрсететін өзге де бюджеттік сала қызметкерлері айлығының 35 пайызға өсетіндігі.
Жалпы айтқанда, осы Жолдауда жаңалықтар өте көп болды. Енді сол алға қойған міндеттерді мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асыруымыз ғана керек. Ең бастысы қолдау бар. Тек жақсы нәтижеге жұмыс жасауымыз қажет. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне мен кәміл сенемін.

Жанболат ЖОРГЕНБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты.

 

Последние новости

Жұмыс талапқа сай болуы керек
Өзгерісті өзіңнен баста
Айшықты ойлар ортаға салынды
Елбасы Жолдауын талқылады
Нұротандықтардың XXVІІ есеп беру-сайлау конференциясы
Мәжіліс депутаты студенттермен кездесті
Встреча с вице-министром
Кузница будущих чемпионов