Жұмыс талапқа сай болуы керек

Жұмыс талапқа сай болуы керек

Ас – адамның арқауы. Бүгінгі таңда бөбекжайлар мен жалпы білім беру мекемелеріндегі тамақтану орталықтарының жай-күйі ең өзекті мәселеге айналып отыр. Өздеріңізге белгілі соңғы жылдары еліміздегі біраз мектептердің асханаларында балалардың тамақтануы бойынша бірнеше улануы фактілері тіркелген. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева аптаның екінші күні аудандағы барлық балабақша меңгерушілерін, мектеп директорлары мен мектеп асханаларын жалға алушы кәсіпкерлердің басын қосып жиналыс өткізді.
Елбасы 2016-2019 жылдарды «Денсаулық» атты мемлекеттік бағдарламасында халық денсаулығын нығайтудың нәтижесінде бәсекеге сай, салауатты ұлттың қалыптасуына арнаған. Аталмыш бағыттарды негізге ала отырып, осы жиынның төрағасы Айжан Нұрділдәқызы басшыларға өз жұмыстары үшін жауапты болуды тапсырды. Оның нәтижесі толыққанды және үйлесімді тағам аурулардың алдын алуға, балалардың қимыл қабілеті мен қатар оқу үлгерімін арттыруға ықпал етеді. Оның ішіндегі дене және ақыл-ойының дамуы мен заманауи өмірге бейімделуін де айтуға болады.
Келесі кезекте басқосудың негізгі баяндамашысы аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Миржан Азербаев бірқатар мәселелерді алға тартты. Жалпы ауданда 53 мектеп тіркеуде, оның біреуі жекеменшік (Қаскелен қаласындағы «Немере»). Барлығында 59 278 оқушы оқиды. Осы 53 білім беретін мекеменің 50-де тамақтандыру ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылар саны 59 168 (99,8%), олардың 2896 (4,8 %) оқушылар тегін тамақпен қамтылған. 2018 жылдың жарты жылдық жоспары негізінде бірнеше мектептер мен балабақшалар асханаларында тексеру жұмыстары жүргізіліп, оларға әкімшілік шара қолданылды. Одан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы «ҚР Заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы» ережелеріне сәйкес ескертулер берілді. Бұл орайда Миржан Азербаев жоғарыда аталған тазалық талаптарының бұзылуы, тағамнан улану және ішектің жұқпалы ауруына алып келетіні жөнінде хабардар етті. Бұл жағдайдардың орын алу қауіптілігіне байланысты Айжан Нұрділдәқызы білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрланұлына тағам саласындағы қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақталуына көңіл бөлуі керек екенін айтты. Сондай-ақ, аспаздардың медициналық тексеруден уақытылы өтіп, оның дәлелі болатын құжат (медициналық кітапша) арқылы жұмысқа қабылдануын міндеттеді.
Жалпы, балалардың мектеп асханасында ыстық тағам ішуі – олардың денсаулығы мен оқу қабілетін арттыратын шарттардың бірі екендігі белгілі. Ас мәзірін әзірлеуде оқушылардың мектепте болу ұзақтығы әрі олардың жас ерекшеліктері мен дәруменді тағамдардың болуын қадағалау керек.
Бұрым ОРЫНБАСАР.

 

Последние новости

Өзгерісті өзіңнен баста
Айшықты ойлар ортаға салынды
Елбасы Жолдауын талқылады
Нұротандықтардың XXVІІ есеп беру-сайлау конференциясы
Мәжіліс депутаты студенттермен кездесті
Встреча с вице-министром
Кузница будущих чемпионов
Өңіраралық бос жұмыс орындары