Өңіраралық бос жұмыс орындары

Өңіраралық бос жұмыс орындары

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Елбасы қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру үшін жуырда Абай орта мектеп-гимназиясында республиканың шығысынан келген өкілдердің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкенің негізгі мақсаты – еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру үшін еліміздің әр түрлі өңірлеріне халықты өз еркімен қоныстандыру. Жиынды Қарасай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қыйлыбаева ашып, жүргізді.
Оның барысында үймен, жермен қамтамасыз етіп, жеке кәсібі мен шаруашылығын ашуға жәрдем берілетіндігін және педагогикалық, техникалық, медициналық және де басқа да мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары сияқты қоныс аударамын деушілерге мемлекет тарапынан көмек көрсетілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, Павлодар облысында игерілмей жатқан жерлердің көптігін айтып, мал мен егін шаруашылығына дамытуға шақырды.
Қарасай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шараға Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылының әкімі Жеңіс Сертайұлы, Ақсу қаласы М.Омаров ауылының әкімі Сукер Болатхан және ауданымыздың 11 ауылдық округінің тұрғындары қатысты.
Жиын соңында өзге облыстардан келген делегаттар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін алдағы уақытта басқа да аудандарда жалғастыратындарын айтты.

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

 

Последние новости

Махамбет оқулары өтті
«Aspara fashion week» халықаралық сән апталығы
Жомарт жүректі кәсіпкерлер марапатталды
Жаяу жүргіншілер жолы жаңартылмақ
Жол белгілері ретке келтірілді
Встречаем зиму во всеоружии
Келер жыл жастарға арналды
Әлеуметтік әлеуеті артады