Мәжіліс депутаты студенттермен кездесті

Мәжіліс депутаты студенттермен кездесті

Ауданымыздың орталығында орналасқан Сүлеймен Демирел атындағы университет халықаралық үлгідегі бағдарламасы бар оқу орны болып саналады. Университеттің негізгі мақсаты – қолжетімді бағамен сапалы білім беру қызметімен, бакалавриат, магистратура, докторантура және білікті жетілдіру бағдарламаларымен қамтамасыз ету. Университеттің төрт факультеті бар және оқытушылар мен профессорлар құрамы әртүрлі білім аясында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Қазіргі уақытта университет оқу бағдарламасында 85 пайыз дәрісті ағылшын тілінде береді әрі батыс мемлекеттерінен 13 профессор қызмет атқарып, 15 мемлекеттен 200-ден аса шетелдік студент білім алып жатыр.
Жуырда аталмыш мекемеге Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков ат басын тіреді. Жиынға Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер алқасының өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының белсенділері қатысты. Делегацияны СДУ университетінің президенті Мейірбек Мажитов пен оқу орнының ұжымы қарсы алды. Басқосуда аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы қысқаша сөз сөйлеп, Ұлт жоспарының маңызына тоқталды.
Жиында сөз алған Нұрлан Орынбасарұлы Елбасының Жолдауындағы «Сот жүйесін одан әрі жаңғырту» жобасына кеңінен тоқталып өтті. Яғни, сот жүйесіне жаңа өзгертулер енгзіліп, оның жұмысын заманауи форматта жүргізілуін түсіндірді, одан бөлек, жаңа электронды сервистер енгізу бойынша жұмысты жасалып жатқанын да қосымша атап өтті. Тағы бір бағыты Жолдауда халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, барлық азаматтарды өздерінің кәсібіне, мамандығына, біліміне сай лайықты жұмыспен қамтамасыз ету басым бағыттар ретінде белгіленіп, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру туралы тапсырма берілгені жайлы және де бұл өзгеріс жалақысы төмен азаматтарға нақты қаржылай көмек түрінде әсер ететінін айтты. Сондай-ақ, мемлекет бес жыл ішінде ІЖӨ-нің 10 пайызын білім, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатының және қоғамдағы мұғалімдердің мәртебесін көтеру Заң жобасын әзірленіп жатқанын айтты. Ал келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жастарға ерекше жігер сыйлады, әрі бұл бастама тарихта қалар маңызды қадам болып отыр және де мұны уақыттың өзі талап етуде. Аталған бағдарлама жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды тұғырнамасы қалыптастырылатын болады. Өйткені, елді ертең ілгері әкетер басқарушылар мен отаншыл ұрпақты даярлау қазірден басталуы керек екендігін және әрбір салада жастарға арналған жаңа бастамалар, әсіресе әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталған оңды істер орын алуы тиіс деді.
–Білім ордасы бәсекеге қабілетті, нарық талабына сай заманауи маман иелерін жоғары сұранысқа ие 21 мамандық бойынша әзірлейді. Соңғы екі жылда Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстан агенттігінің рейтингі бойынша «Ақпараттық жүйелер» мен «Математикалық ғылымдар» мамандықтары бірінші орында тұр, — деп СДУ президенті өз ойын жеткізді.
Жиын соңында Нұрлан Дулатбеков білім ордасының инфрақұрылымын аралап, университеттің материалды-техникалық базасына жоғары баға берді. Өз сөзінде депутат СДУ университетінің жаңа формациядағы жаңалықты тез қабылдайтын, заманауи талаптарға сай оқу орны екендігін атап өтті.

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

 

Последние новости

Встреча с вице-министром
Кузница будущих чемпионов
Өңіраралық бос жұмыс орындары
Махамбет оқулары өтті
«Aspara fashion week» халықаралық сән апталығы
Жомарт жүректі кәсіпкерлер марапатталды
Жаяу жүргіншілер жолы жаңартылмақ
Жол белгілері ретке келтірілді