«7-20-25» – кім мемлекеттік бағдарламамен пәтер ала алады?

«7-20-25» – кім мемлекеттік бағдарламамен пәтер ала алады?

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы               31 мамырдағы «7-20-25» Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы» № 107 қаулысына сәйкес,  екінші денгейдегі Банктер,  ішкі талаптар мен құжаттарды ескере отырып, салымшыларының ішінен берген өтініштердің негізінде дербес пулдарды қалыптастырады.

Осы бағдарламанының операторы  «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ болып табылады.

Аталған бағдарлама бойынша қатысу үшін жеке тұлға екінші денгейдегі Банктерге өтініш ұсына алады.

Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу барысы

 

Бағдарлама бойынша банктер беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өлшемдері және Оператор сатып алатын талап ету құқықтары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс.

Бағдарлама «7-20-25»
Нысаналы мақсаты Бастапқы тұрғын үй сатып алу
Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі 7%
Бастапқы жарна Кепілмен қамтамасыз ету құнының 20%-ы
Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі 25 жылға дейін
Ипотекалық тұрғын үй қарызының валютасы Теңге
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны Астана, Алматы және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекаралары шеңберінде олардың қала маңы аймақтары, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін –25 млн теңге басқа өңірлер үшін – 15 млн теңге
Қарыздың ең көп сомасы Кепілмен қамтамасыз ету құнының 80%-ы
Кепілмен қамтамасыз ету Сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй
Кепілмен қамтамасыз ету құны Мыналардың:

1) тәуелсіз бағалаушы айқындаған құнның;

2 банк айқындаған құнның;

3) тұрғын үйді сатып алу жөніндегі мәміле бағасының ең аз мөлшері бойынша айқындалады.

Қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссиялар Ұсталмайды
Кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру Міндетті болып табылмайды. Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.
Жалғыз тұрғын үй өлшемшарттары Белгіленбейді

Жеке тұлға Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

1) банктің қалауы бойынша мына құжаттың біреуімен:

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айдағы үзінді-көшірмесімен;

жұмыс орнынан соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен;

қарыз алушы-жеке тұлғаның соңғы салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша салық декларациясымен;

банктің ішкі құжаттарына сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің болуын көрсететін өзге де құжаттармен расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

2) бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге де ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;

3) мыналарды:

жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын;

апат жағдайындағы, құлау (қирау) қаупі төнген тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын аталған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.

Қарыз алушыларға қойылатын талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды, оларға қойылатын талаптарды банк өз бетінше белгілейді. Банк қарыз алушыларға, сондай-ақ кепіл заты мен құнына қатысты Бағдарламаға қайшы келмейтін қосымша талаптарды белгілеуге құқылы.

 БАНКТЕР-СЕРІКТЕСТЕР «7-20-25» БА5ДАРЛАМАСЫ

— Банк Центр Кредит;

— Еуразиялық банк;

— АТФБанк;

— Цеснабанк;

— Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі;

— Bank RBK;

— Қазақстан Халық банкі.

 Хабарлама «Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен дайындалды.