Жексенбі күні ауданымызда алғаш рет «Бақытты болашақ» атты жастар АРТ фестивалі өтті, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Еліміздің жас өнерпаздары мен жасөспірімдерін өз елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеп қадірлеуге, тегін тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада ауданымыздағы ән-би өнеріне қабілетті жас өнерпаздар анықталып, талантты жастарымыз шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезінді.
Сахна төріне шыққан дарынды балдырғандар бар өнерлерін ортаға салды. Қазақ биі «Илигайды" билеген «Гүлназ» би тобы да, Молдабайдың әні «Молдабайды», орындаған: «Қазақстан» тобының жігіттері де, «Үнді» биін орындаған «Жалын» би тобы да, тағы басқалар да көрермен қошеметіне бөленді. Соңынан, оларды дайындаған жетекшілері марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Бақытты болашақ» атты бірінші аудандық фестивальде балалар Қазақстан - бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы өздері екендігін ән мен өлеңдері арқылы жеткізе білген.
Болашақта бұл шара өз жағасын табады деп күтілуде.