Ардагерлерге арба сыйлады / 31?

Поделиться:

Қазіргі таңда алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың ішінен әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімдері ашылған. Бұл бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі – тұрғындарды, демеушілерді жұмылдыра, еріктілер мен белсенділерді шақыра отырып, әлеуметтік қорғалмаған топтарға көмек көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Қарасай аудандық ауруханасы бұл мақсатта «Үміт үйі» қайырымдылық қорымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Аталған ұйыммен ынтымақтастық орнатылған бір жыл ішінде бірқатар мүмкіндігі шектеулі жанға жәрдем көрсетіліп, мүгедек арбасы және қажетті гигиеналық заттар тарту етілген. Бүгін де ақ желеңділер осындай көмекке аса мұқтаж адамдарды қуантты. Солардың бірі Қаскелең қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Скударнов еді.

Жастық шағы тарихтың күрделі кезеңдерімен тап келген, бірнеше жыл оқ пен оттың ортасында жүрген 94 жастағы қарияның қазір өздігінен жүріп-тұруы қиындаған. 4 жыл бұрын жарын жер қойнына тапсырған қарт бүгінде көмекшісі Бақытгүлмен тұрады. Соның өтініші бойынша, міне, санитарлық құрылғылармен жабдықталған арба сыйға тартылды. Әмбебап арба үйдің ішінде де, аулада да жүруге арналған. Ал, өз кезегінде ардагер арнайы барып құрмет көрсетіп, халін сұраған аудандық емхана меңгерушісі Ерлан Серікбаевқа, дәрігер-валеолог Дана Таждиноваға және мейірбике Жұлдыз Алымжановаға ерекше алғысын жеткізді.

Ал, әмбебап мүгедек арбасы берілген келесі мүмкіндігі шектеулі жан – Рауза Нұржауова еді. Ол 1935 жылы туған тыл ардагері. Қазір қарияны қолына алған қызы емін-еркін қимылдан қалған соң анасын ас бөлмеге немесе жатын бөлмеге апару қиындағанын айтады. Ал бұл арба олар үшін үлкен көмек болып тұр.

 Міне, осылайша қасиетті рамазан айында ақ желеңділер үлкен қайырымдылық жасап, қарттардың ақ батасына кенелді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также