Енді ол Англияда тегін білім алады / 37?

Шамалғандық оқушы Англияға жолдама ұтып алды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Таяуда С. Демирел атындағы университетінде «CES for You» халықаралық тіл орталығының ұйымдастыруымен балалар арасында ағылышын тілінен «Knowledge is Power» олимпиядасы өтті. Шара талантты балаларға әлеуметтік қолдау көрсетіп, қазақ жастарының халықаралық дәрежеде білім алуына жағдай жасауға бағытталды.

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған білім бәсекесінде талапкерлерге арналған тапсырмалар қарапайым деңгейден күрделіліге қарай құрастырылды. Олар бірінші кезеңде еркін тақырыпта эссе жазса, екінші кезеңде ағылшын тілінен шешендік сөйлеу қабілеттерін байқатты.

Бағалаушы комиссия мүшелерінің құрамында «CES for You» орталығының мұғалімдерінен бөлек Франция, Англия, Америка елдерінен келген  арнайы сарапшылар да болды.

Нәтижесінде, екі кезенненде сүрінбей өткен «CES for You» орталығының оқушысы Абдуллах Жүсіп бас жүлдені ұтып алып, Англия еліне үш аптаға тегін оқу курс жолдамасын қанжығасына байлады.

Өзге де қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды. Ал, жетекші ұстаздарға ақшалай сертификаттар берілді.