Түнде рұқсатсыз көшеде жүрген жасөспірімдер ұсталды / 5?

Ауданымызда 18-ге толмаған, алайда уақытын сауық-сайран құрумен өткізіп жүрген жасөспірімдердің жолы кесілуде. Жасыратыны жоқ, түнгі кезбелік – балалар мен жасөспірімдерді қылмыс әлеміне апаратын төте жол. Олай дейтініміз, кейінгі кезде осындай жеткіншектердің қатысуымен болатын теріс әрекеттер елімізде көбеймесе, азаймай отыр. Оның қайткенде де алдын алу керек.
Осы аптада Қарасай аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің Ювеналдык полиция тобының инспекторлары Kaskelenkz-пен бірлесіп, түнгі 10-нан кейін ата-анасының қарауынсыз демалыс орындары мен ойын-сауық орталықтарын жағалаған жеткіншектерді анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізді.


Қаскелең қаласының бірқатар ойын клубтарын аралаған тәртіп сақшылары рейд барысында компьютер клубында ойын ойнаумен уақытын өткізген бір жасөспірімді анықтады.

Айта кетейік, тексеру барысында белгілі болғандай, клуб иесі Агали Гамидов жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, және «Нұржанат» сауда үйінің иесімен арада жасалған жалға алу туралы келісімшарты да жоқ болып шықты, яғни бір жыл бойы заңсыз жұмыс істеп келген.
Тәртәп сақшылары аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мен қала әкімдігіне кәсібін заңсыз жүргізіп келген кәсіпкерге қатысты сәйкесінше шара қолдану туралы хат жолдады.
Ал кәмелеттік жасқа толмай жатып көше кезіп, қаңғыбастылыққа салынған баласы үшін ата-анасы жауапты. Мұндай оқиғалар негізінен бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін отбасында көбірек кездеседі екен.

 Рейд барысында Қаскелең қаласының орталығында орналасқан Мәңгілік алаудың жанында жүгенсіз жүрген тағы бір жеткіншек анықталды. Тәртіп сақшылары оны үйіне жеткізіліп, ата-анасына ескерту жасады.
Полицейлердің айтуыша, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруды мақсат еткен мұндай шаралар алдағы уақытта да ай сайын жүргізіліп тұрады.