Қаскелеңдегі каратэшілердің бақ сынасуы

Қаскелеңдегі каратэшілердің бақ сынасуы

Жақында ауданымыздағы Қаскелең қаласында орналасқан №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде каратэ спортынан республика көлеміндегі сайыс өтті. «KASKELEN CUP-2019» деп аталатын бұл турнир биыл дәстүрлі түрде IV рет өткізіліп отыр. Ал, оның ұйымдастырылуына ұйытқы болып отырған РҰККФ (Республикалық Ұлттық Киокуишинкай Каратэ Федерациясы) Алматы облыстық филиалы. Жас каратэшілердің сайысы болып табылатын бұл спорттық шараға Астана, Алматы қалаларынан бөлек, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарынан 400-ден аса спортшылар қатысты. Республикалық турнирдің ашылу рәсіменде аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Серік Қамзанов пен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, киокушинкай каратэден әлем чемпионы Мерей Суюнов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Еліміздің әр түкпірінен жиналған жас спортшылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, салмақ дәрежесі бойынша лайықты бағаларына ие болды. Жалпы командалық есеп бойынша Алматы облысының Шинкиокушинкай командасы І орынды қанжығаларына байлады. Олардың қоржынында алты алтын, бес күміс, жеті қола медальдары болды. Сондай-ақ, осы облыстың РҰККФ атынан келген командасына ІІ орын бұйырды. Олар бес алтын, тоғыз күміс, он бес қола медальдарымен ерекшеленді. Ал, төрт алтын, екі күміс және алты қоласын иеленген Алматы қаласының «Аби Окинава» командасы турнирдің жүлделі ІІІ орнын қанағат тұтты. Бұл сайыста, сонымен қатар, ерекше номинациялар да болды. Мәселен, ең қысқа жекпе-жекте (3 сек) озық болып алға шыққан алматылық Марк Власов болса, ең үздік техникамен танылған «Аби Окинованың» спортшысы Эльдар Таджикулов болды. Жамбыл облысының каратэшісі Камила Кемелбекова жауынгерлік рух номинациясына ие болды.
Каратэ спортын серік еткен жастардың алар асулары көп болып, байрақты бәсекеде бақтары жана берсін!
Дидар МУХАМАДИЕВ.

 

Последние новости

Таңғажайып «Таңбалытас» ескерткіштері
Қазақтың көрнекті ақынына арналды
Jańǵyrý – jazýdan bastalady
Ол заманынан озып туған еді
Ерліктері – ел есінде
«Жетісу – 360» виртуалды жобасы
«Жарқ етіп жанған жалын»
Бесплатная медицинская помощь для многодетных мам