«Жетісу – 360» виртуалды жобасы

«Жетісу – 360» виртуалды жобасы

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында, адам өмірінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Жаңашылдықтарды енгізгенде әрбір облыс өзінің экономикалық және географиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет. Бұл кезекте, Алматы облысы басқа өңірлерден өзінің туризм үшін тартымды көркем жерлерімен ерекшеленеді.
Осыған байланысты, 2018 жылдан бері Алматы облысында әзірлеушісі Мейрхат Толкунов болып табылатын «Жетісу–360» туризм саласын цифрландыру жобасы жүзеге асырылуда.
«Жетісу – 360» виртуалды жобасы облыстың туристік объектілерін нақты уақыт режимінде және үйден шықпай-ақ көруге мүмкіндік береді. Көркем жерлер, музейлер мен т.б. көруде VR (Virtual reality) арнайы виртуалды шындық көзілдіріктерін қолдануға болады.
Алматы облысының туризм саласын цифрландыру осы өңірге туристердің көп келуіне, оның ішінде шетелдіктерді тартуға мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта бұл жобаны «Жетісу – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі аясында ҚР МҚІСЖҚІҚА Департаменті басшысының ұсынысымен «Smart Zhetysu» жобасымен біріктіру жоспарланып отыр.